2025 жылғы жазғы демалыс кезеңінде білім алушылардың сауықтыру демалысын тиімді ұйымдастыру және бос уақыттарын мазмұнды өткізу мақсатында мектеп жанынан «АЙГӨЛЕК» демалыс-сауықтыру алаңы өз жұмысын жүргізді.
Алаң жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне қолайлы жағдай жасау болды. Осы мақсатта лагерь бағдарламасы мазмұнды әрі жан-жақты ұйымдастырылып, танымдық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары, театрландырылған қойылымдар мен көңілді эстафеталар қамтылды.
Демалыс кезеңінде білім алушылар үшін күн сайын жаңа әсер мен жарқын эмоция сыйлайтын іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде білім алушылардың өзара достық қарым-қатынасы нығайып, ұжымдық жұмыс дағдылары қалыптасты. Сонымен қатар, патриоттық тәрбиеге, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді.
«АЙГӨЛЕК» демалыс-сауықтыру алаңы – білім алушылар үшін тек демалыс орны ғана емес, жаңа достар тауып, қызықты іс-шараларға қатысып, өз қабілеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін тәрбиелік мәні зор орта болды.


