Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«Қарымды қаламгер, ардақты азамат»

20 cәуірде №31 ЖББМ кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында қазақтың көрнекті ақыны, жазушы драматург, публицист-журналист Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен  «Қарымды қаламгер, ардақты азамат» атты шығармашылық кеш өтті. Кездесуге мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Ақылбек Қожаұлы өзінің шығармашылық жолымен қатар әдебиет майталмандарының еңбектері туралы айтып берді. 8 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сұрақтар қойды. Л.Толстой атындағы ОӘҒК қызметкері Ботакөз Әділбекқызы жазушының шығармашылығына арналған көрмеге шолу жасады. Кеш соңында педагогтер ақынға алғыс айтып, оның «Пирамида», «Әдемі», «Бағдаршам» атты кітаптарын жұмыстарында белсенді қолданып жүргендерін атап өтті.


Атауы Жүктеу
1 2025 - 2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасы
2 Мектеп кітапханасы туралы жалпы мәліметтер