Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

2025-2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдер тізімін бекіту туралы және ПББ өту ережелерімен таныстыру

2025-2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтердің тізімі жоспар бойынша қалыптастырылып, ішкі бақылаудан өтті.Дайын тізім қалалық білім бөлімінің аға әдіскері Мурзакулова А.К.-ға есеп түрінде ұсынылды.

Жоспарлау нәтижесінде, биылғы оқу жылында 2025-2026 оқу жылына барлығы 19 адам біліктілігін арттырудан өтетін болады:

- Педагог-модератор біліктілік санатына – 5 адам.

- Педагог-сарапшы біліктілік санатына – 4 адам.

- Педагог-зерттеуші біліктілік санатына – 6 адам.

- Педагог-шебер біліктілік санатына – 2 адам.

Сондай-ақ, мектеп басшысының 2 орынбасары (әкімшілік құрам) аттестаттау процесінен өтеді. 

02.04.2024 жылғы №72 бұйрықтың 56.1 тармағына сәйкес, келесі мұғалімдерге 02.09.2025 жылдан бастап 2024-2025 оқу жылына «педагог-тағылымдамашы» санаты берілсін.

  1. Бөгетбай Әсемгүл Бектасқызы - аға тәлімгер;

  2. Шагатаева Динара Нурхановна - әлеуметтік педагог;

  3. Даненова Малика Талгатовна - ағылшын тілі пәні мұғалімі;

  4. Каиржанова Аружан Кайратовна - математика пәні мұғалімі;

«Педагог» санаты келесі мұғалімдерге берілсін:

  1. Волия Жарқынбек - көркем еңбек пәні мұғалімі;

  2. Мотузко Оксана Витальевна - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

  3. Фазылахметова Аружан Болатқызы - физика пәні мұғалімі;

  4. Сагимбай Жулдызай Толеуханқызы - музыка пәні мұғалімі.

2025-2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың назарынаПББ (Педагог білімін бағалау) кезіндегі тыйымдар және жауапкершілік туралы таныстыру.

ПББ жүргізу кезінде қатаң тыйым салынады:

  • Ақпаратты жария ету/бұзу: Тапсырма мазмұнын талқылау, жария ету; тестілеу техникасына немесе жүйесіне әдейі зиян келтіру/араласу

  • Қозғалыс және байланыс: Рұқсатсыз немесе кезекшісіз аудиториядан шығу; 10 минуттан артық немесе 1 реттен артық шығу (алғашқы және соңғы 15 минутта шығуға болмайды); сөйлесу, орын ауыстыру; құжаттармен, қағаздармен алмасу.

  • Тыйым салынған заттарды кіргізу/шығару:

Кіргізуге болмайтын заттар: Камералар, кез келген ұялы байланыс құралдары (телефон, планшет, смарт сағаттар, құлаққаптар, т.б.), шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, кестелер, калькулятор, кез келген қағаздар.

Шығаруға болмайтын заттар: Аудиториядан кез келген форматтағы қағазды (бос парақтарды қоса) шығаруға.

Ереже бұзу сипаты

Салдары

Ережелерді бұзу немесе өтінішті уақтылы бермеу (45-т.)

Комиссия шешімімен педагогке бір жыл мерзімге қолданыстағы деңгейден бір деңгейге төмен біліктілік санаты беріледі.

Қайта бұзу дерегі анықталса

Педагог (5 жылға), білім беру ұйымының басшысы (3 жылға) аттестаттаудан өткізілмейді. Біліктілік санаты «педагог», «басшы» санаттарына дейін төмендейді.

Тыйым салынған заттарды анықтау (45-т.) немесе басқа да бұзушылықтар

Бұзу актісі жасалады, ПББ нәтижелері жойылады.

Апелляция:

Мерзімі: Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде.

Тәртібі: Компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы әр тапсырма бойынша дәлелді негіздемесімен өтініш береді.

Маңызды: ПББ залынан шыққаннан кейін апелляцияға өтініш қабылданбайды.

Ұсынымдар:

- Педагогтарды аттестаттау және біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейту және барлық критерийлерге сай мұғалімдердің дайындығы аса назар аудару.

-Біліктілікті арттыру тиімділігін бақылау. Құжаттамалық жұмысты жүйелеу.

-ПББ сапалы тапсыру үшін, мұғалімдер сапалы дайындықты жүргізу.

Қаулы етті:

  1. 2025-2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін 19 педагогқа (модератор-5, сарапшы-4, зерттеуші-6, шебер-2) және 2 орынбасарға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету үшін Әдістемелік Кеңес негізінде арнайы жұмыс тобы құрылсын.

    - Жыл ішінде 19 педагог және 2 орынбасар біліктілігін арттырсын. Жұмыс жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жүргізілсін.

  2. 2025-2026 оқу жылына арналған «педагог – тағылымдамашыла» және «педагогтар» тізімі бекітілсін.

ПББ тапсыратын мұғалімдер қатаң түрде ережелерді сақтай отырып, жауапкершілік жүктелсін.