#UNICEF, #Дислексия_Қоры, #Neco_клуб әлеуметтік серіктестігі бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда түрлі тренингтер, шебер - сыныптар арқылы білім алушылардың жоғары экологиялық мәдениеті мен білімі қалыптастырылуда.
2026 жылдың 5 қаңтар күні оқушылардың уақытын тиімді өткізу мақсатында "Ғылым көкжиегі" үйірмесі жоспарлы сағатын өткізді. Үйірменің мақсаты: оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. "Экология және тұрақты даму" тақырыбында өткен танымдық сағат барысында оқушылар үйірме жетекшісі Ражанова Лиза Сапабековнаның тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерге деген көзқарастарын білдіріп, пікірталасқа түсті. Сондай - ақ көкейлерінде жүрген сұрақтарына да қажет жауаптарын ала алды. Аталмыш іс - шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға септігін тигізіп, бұдан кейін де түрлі экологиялық жобаларға қатысуға деген қызығушылықтарын арттырды. Климаттың өзгеруі мен апат қауіп - қатерін азайту мәселелері бойынша берілетін дағдыларды дамыту және жобалық оқыту жобасын бірлесе ілгерілету мақсатында "Samgau - мектеп" деп аталатын жоба аясында оқушылар арасында климаттық тақырыптарды насихаттау және апат қаупін азайту мақсатында өткізілген бұл шараның білім алушылардың жоғары экологиялық мәдениеті мен білімін қалыптастыруда, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруда, экологиялық бағдарланған мінез - құлықты қалыптастыру және тұрақты даму мәселелерін шешуде практикалық дағдыларды игеруде маңызы зор болды.
#адал_азамат #біртұтас_тәрбие #қысқы_демалыс #үйірме_жұмысы #шабыт_жобасы #UNICEF #Дислексия_Қоры #Neco_клуб

