Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде "Жыр керуені" ақындар үйірмесі қысқы демалыс кезінде де өз жұмысын жалғастырды. Үйірме мүшелері демалыс уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылықпен айналысты. Оқушылар өлең жазу, шығарма талдау, ақындар шығармашылығын зерттеу бағытында түрлі жұмыстар жүргізді.

Үйірме жетекшісі Садвакасова Ляззат Темирхановна оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің поэзиясымен тереңірек танысуға бағыт беріп, шығармашылық тапсырмалар ұсынды. Сонымен қатар, жас ақындар өз туындыларын оқып, пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті. Бұл жұмыс оқушылардың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.

#адал_азамат #біртұтас_тәрбие #қысқы_демалыс #үйірме_жұмысы #шабыт_жобасы #тоғызқұмалақ #ақындар_мектебі