Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

1-сынып оқушылары арасында «Шабыт» жобасы аясында «Ұлы Даланың жеті кереметі: бір дала, мың тарих» тақырыбында тағылымды көрсетілім өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға халқымыздың тарихы мен мәдени мұрасын таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Көрсетілім барысында бүлдіршіндер жеті кереметті таныстырып, сахнада еркін әрі сенімді өнер көрсетті. Әсіресе, ұлттық нақыштағы киімдері көрермендердің ықыласына бөленді.
Ата-аналардың қолдауы ерекше атап өтіліп, оларға алғыс білдірілді. Шара соңында мектеп директоры Баяхметова Орынкүл Балғабайқызы қатысушыларды марапаттап, дипломдар мен статуэткалар табыстады. Бұл іс-шара оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.