«Саламатты мектеп» «Денсаулықты нығайтатын мектептер» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен Қазақстан Республикасында мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығының шеңберінде «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» («Саламатты мектеп») жобасы аясында "JastarMED" жастар орталығының мамандары Аканова Ж.А., Жанкебаева А.Е. 7-9 сынып оқушыларына «Жеке гигиена – денсаулық кепілі», «Психоактивті заттарды қолданудың алдын алу», «Репродуктивтік денсаулық» тақырыптарында лекция оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
Білім алушыларға жеке гигиенаның маңызын түсіндіру, психоактивті заттардың зияны туралы ақпарат беру және репродуктивтік денсаулық жөнінде түсінік қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға жеке гигиенаның адам денсаулығын сақтаудағы рөлі түсіндірілді. Күнделікті тазалық сақтау, қол жуу, ауыз қуысы күтімі сияқты негізгі гигиеналық дағдылар туралы айтылды.
Сонымен қатар, психоактивті заттардың (темекі, алкоголь, есірткі) адам ағзасына тигізетін зияны жан-жақты қарастырылды. Олардың тәуелділікке әкелетіні, денсаулыққа және әлеуметтік өмірге кері әсері түсіндірілді.
Репродуктивтік денсаулық тақырыбы аясында оның мәні, құрамдас бөліктері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік) және жасөспірімдер үшін маңызы баяндалды. Қауіпсіз мінез-құлық, жауапкершілік және салауатты өмір салты туралы ақпарат берілді.
Нәтижесінде іс-шара барысында қатысушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінді. Жеке гигиена дағдылары, зиянды әдеттерден бас тарту және репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы білімдері артты.
Қорытындылай келе, берілген тақырыптар қазіргі таңда өте өзекті болып табылады. Іс-шара өз мақсатына жетті деп есептеледі.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

