Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс - шаралар көзделген. Біздің мектебімізде білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс - шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, қосымша білім беру педагогі Айнабекова Рано Сапарходжаевнаның жетекшілігінде «Фетрден қуыршақ жасау» үйірмесі жұмыс істеуде. «Фетрден қуыршақ жасау» үйірменің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол еңбегіне баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Ұқыптылыққа, төзімділікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу, қиялдау, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады, жасаған қуыршақтарын ертегі кейіпкерлері ретінде сахналауда қолданады.

Үйірме оқушылардың ұсақ қол моторикасын, өз бетімен жұмыс істеу және топпен ынтымақтастықта әрекет ету дағдыларын қалыптастырады.