Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Жұлдыздар жанған кеш - «Жұлдызды триумф – 2026»

 

«Жұлдызды триумф – 2026» жыл қорытындысы бойынша марапаттау кеші – бір жыл бойғы табанды еңбек пен толағай жетістіктердің жарқын көрінісіне айналды. Салтанатты кеш барысында білім мен тәрбие саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген үздік оқушылар мен ұстаздар марапатталды. Сонымен қатар, мектеп өміріне жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жүрген демеушілерге, «Тағылым – тал бесіктен», «Достық көпірі» жобаларының белсенді қатысушыларына және еңбек майталмандарына ерекше құрмет көрсетілді.

Кештің көркін өнерлі өрендеріміздің әсерлі әндері мен әсем билері аша түсті. Әр марапат – маңдай тер мен қажырлы еңбектің жемісі екенін дәлелдеген бұл кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шаттық пен шабытқа толы «Жұлдызды триумф – 2026» кеші жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлап, келер оқу жылына жаңа серпін мен үлкен мотивация беретін тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде қорытындыланды.