“ОТБАСЫ FEST” - бірлік пен жеңістің мерекесі!
Келешек мектептері арасында ұйымдастырылған бұл спорттық сайыс ата-ана мен бала арасындағы татулықты, сенімді және отбасылық құндылықтарды дәріптейтін ерекше шара болды!
Жылдамдық, ептілік, ұйымшылдық пен көтеріңкі көңіл-күйге толы сайыста әр отбасы өздерінің мықтылығын көрсетті! 🔥
Спорт арқылы шыңдалған сәттер - отбасылық қолдау мен ынтымақ, ұмытылмас эмоциялар мен жарқын жеңістер!
“ОТБАСЫ FEST”- бұл жай ғана жарыс емес, бұл - махаббат пен бірліктің алаңы!


