Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

“Мектебім, саған мың алғыс!”

Бүгін - жүрекке ерекше сезім сыйлаған күн…

Келешек мектебінің 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылып, балалық шақтың ең жарқын парақтары тарихқа айналды.

Мектеп - тек білім ордасы емес, ол - арманға қанат бітірген алтын ұя, достық пен махаббаттың мекені, өмірге жолдама берген қасиетті шаңырақ.

“Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты саптық жиында түлектер ұстаздарына, ата-аналарына және келешек мектебіне жүрекжарды алғыстарын білдірді.

Құрметті түлектер!

Алдағы өмір жолдарыңыз жарқын, қадамдарыңыз нық болсын!

Мектеп қабырғасында алған тәлім мен тәрбие әрдайым биік белестерге жетелесін!