Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Облыстық мектеп лигасының қалалық кезеңінде футболдан ІІІ орын иеленген №31 мектеп командасын шын жүректен құттықтаймыз!
Жас футболшыларымыз алаңда табандылық пен ұйымшылдық танытып, мектеп қоржынына жүлде салды. Бұл жетістік — үздіксіз жаттығудың, өзара қолдаудың және жеңіске деген жігердің нәтижесі!
«Ең үздік шабуылдаушы» атанған 6 «А» сынып оқушысы Жұмабек Сұлтанды ерекше құттықтаймыз! Мергендігің мен шеберлігің артып, әлі талай гол соға бер!
Команда жаттықтырушысы — Қонарбай Райымбек. Оқушыларды жарысқа дайындап, спортқа баулып, жеңіске жігерлендірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жас спортшыларымызға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! Мектеп абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Жарайсыңдар, жігіттер! Сіздерді мақтан тұтамыз!