Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» - ойын түріндегі өзгерістер барысында білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру - асық, тоғызқұмалақ, бес тас және басқалар. Біздің мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесін тоғызқұмалақтан спорт шебері Волия Жарқынбек жүргізеді. Волия Жарқынбек жас ойыншыларды баптап, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға дайындап жүр. Бүгін де Қостанай ауданының тоғызқұмалақтан ашық аймақтық турнирінде жас ойыншыларымыз Жарқынбек Алинұр мен Жаңбыр Аңсар 2, 3 жүлделі орындар иеледі.

Сіздерді ұлттық зияткерлік ойын - тоғызқұмалақтан өткен сайыста жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік - сіздердің логикалық ойлау қабілеттеріңізді, тапқырлықтарыңыз бен төзімділіктеріңізді айқын көрсетеді.

Ұлттық мұрамызды дәріптеп, оны дамытуға қосқан үлестеріңіз зор.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!

#адал_азамат #біртұтас_тәрбие #қысқы_демалыс #үйірме_жұмысы #шабыт_жобасы #тоғызқұмалақ #Ұлттық_ойын_ұлт_қазынасы