Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

2025 жылғы 19 желтоқсанда  8–11 сынып оқушыларына арналған маңызды профилактикалық лекция ұйымдастырылды. Лекцияны Қостанай қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Е. Тумурзин өткізді.

Тақырыбы: «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік».

Іс-шараға 100 оқушы қатысты.

Лекция барысында оқушыларға жалған хабарламалардың қоғамға тигізер зияны, заң алдындағы жауапкершілік және қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған.