Этномәдениет - ұлттың жаны, халықтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани қазынасы. Тіліміз, салт - дәстүріміз, әдет - ғұрпымыз, ұлттық құндылықтарымыз арқылы біз елдік сананы қалыптастырамыз, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Осы орайда мектебімізде этномәдениет бағытында ұйымдастырылған "Отансүйгіштік тәрбиедегі этномәдени құндылықтардың маңызы" тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, тарих ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор ассистенті Шаукенов Жангелді Арсенұлымен тағылымды кездесу өтті. Кездесуді "Этно - Қазына" үйірмесінің жетекшісі Темирбекова Арай Садықанқызы ұйымдастырды. Қысқы демалыс уақытындағы кездесудегі мақсат - жас ұрпаққа ұлттық мұраны танытып қана қоймай, оны құрметтеуге, бағалауға, болашақта сақтай білуге тәрбиелеу.
Шара барысында ұлттық құндылықтар, отансүйгіштік тәрбие туралы терең ойлар айтылып, жас ұрпаққа үлкен рухани азық берілді. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында 8 "В" - сынып оқушысы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Қазақ жері" өлеңін оқумен қорытындылады.
#адал_азамат #біртұтас_тәрбие #қысқы_демалыс #үйірме_жұмысы #шабыт_жобасы


