Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Асық атудан Қостанай облысының біріншілігінде ІІ орын иеленген №31 мектеп командасын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлттық ойынымызды ұлықтаған кішкентай бүлдіршіндеріміз ептілік пен мергендік танытып, командалық бірліктің үлгісін көрсетті. Бұл жетістік — балаларымыздың талпынысы мен еңбегінің, жетекшісінің қолдауының жемісі.

Команда жетекшісі — Ашабаева Томирис Ахметжановна. Бүлдіршіндерді жарысқа дайындап, жеңіске жігерлендірген еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз!

Кішкентай чемпиондарымыздың жеңіске басқан қадамдары құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектеп абыройын асқақтата берсін!

Жарайсыңдар, жас чемпиондар! Сіздерді мақтан тұтамыз!