ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 12-15 жас аралығындағы оқушылар мен колледж студенттерінің қаржылық сауаттылығы бойынша (мемлекеттік және орыс тілдерінде) 16 оқу бейне сабағын әзірледі.
Бұл бейне сабақтарда жеке бюджетті басқару, банктік картаны пайдалану ережелері, онлайн ойындардағы қауіпсіз шығындар, көп кездесетін қаржылық қателіктер және олардың алдын алу жолдары, оқуға қаражат жинақтау, инвестициялау негіздері, қаржылық алаяқтық және жеке қаржылық қауіпсіздік мәселелері сияқты тақырыптар ашып көрсетіледі.
Осыған байланысты мектеп оқушылары осы бейне сабақтармен таныстырылды.

