Мектебімізде балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселелеріне арналған ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Кездесулерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эмоционалдық әл-ауқатына назар аудару және қиындық туындаған жағдайда қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Баланың өзін отбасында да, мектепте де қауіпсіз, түсінікті әрі қолдау тапқан тұлға ретінде сезінуінің маңызына ерекше көңіл бөлінді.
Сенімді қарым-қатынас — баланы түсінудің бастауы. Ашық, сабырлы және өзара құрметке негізделген әңгіме жасөспірімнің ойы мен сезімін түсінуге мүмкіндік береді. Баланы сөзін бөлмей тыңдау, алаңдаушылығын елеусіз қалдырмау, кінәлаудан және өзгелермен салыстырудан аулақ болу — күнделікті қарым-қатынастағы маңызды қадамдар.
«Көңіл күйің қалай?», «Сені не мазалайды?», «Саған қалай көмектесе аламын?» деген қарапайым сұрақтар шынайы әңгімеге жол ашады. Бала қандай жағдай болса да, жақындарына жүгініп, көмек сұрай алатынын білуі қажет.
Жиналыстарда ата-ана мен мектеп арасындағы тұрақты байланыс, баланың көңіл күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият қарау және қажет кезде мамандардың көмегіне жүгіну мәселелері де назарға алынды.
Балаға уақыт бөлу, оны тыңдау және жанынан табылу — ортақ міндетіміз. Әр бала өзінің қадірлі екенін, сөзі естілетінін және қиындықпен жалғыз қалмайтынын сезінсін!
#Бала_қауіпсіздігі #Ата_аналар_жиналысы #Балаға_қолдау #Сенімді_қарым_қатынас #Мектеп_және_отбасы #Заң_мен_тәртіп


