Оқушыларға «Закладка» фильмі арқылы заңсыз әрекеттердің, жеңіл жолмен табыс табудың салдарын түсіндіру, адал азаматтық ұстанымды қалыптастыру және құқықтық, моральдық жауапкершілік туралы саналы көзқарас дамыту мақсаты көзделді.
1. Фильмдегі кейіпкерлер әрекеттерін талдау арқылы адалдық, жауапкершілік, заңға бағыну құндылықтарын қалыптастыру.
2. Жастар арасында заңсыз әрекеттердің (тыйым салынған заттарды таратуға байланысты) қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зиянын ұғындыру.
3. Оқушылардың сыни ойлау, өз пікірін дәлелдеп айту, тыңдай білу дағдыларын дамыту.
4. Өмірлік таңдауда саналы шешім қабылдау, қысымға қарсы тұра білу қабілетін жетілдіру.
5. «Адал азамат» моделіне сай құқықтық мәдениеті жоғары, жауапты тұлға тәрбиелеу.
6. Заң талаптары мен жеке моральдық таңдаудың өзара байланысын түсіндіру.
Оқушылар фильмнен алған әсерлерін ашық айтып, қауіпті жағдаяттардан аулақ болу, дұрыс таңдау жасау және жауапкершілік туралы маңызды тұжырымдар жасады. Талқылау барысында оқушылар өздерінің болашақта заң бұзушылықтан аулақ болып, саналы азамат болуға ұмтылатынын жеткізді. Сонымен қатар, мұндай танымдық фильмдердің жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруда және өмірлік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны ерекше атап өтілді.


