Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«ДосболLIKE» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Достық көпірі» әлеуметтік жобасы – білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылар мен педагогтердің тәжірибе алмасуына жол ашқан тағылымы мол бастама болды. Жоба басталғалы бері қос тараптың қатысуымен көптеген мазмұнды кездесулер, тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар мен танымдық жобалар ұйымдастырылып, өзара байланыс пен рухани жақындық арта түсті.

Осы игі жоба аясында әлеуметтік серіктес мектеп – Ақмола облысы, Шортанды ауылы, Бозайғыр мектебінің делегациясын ерекше ықыласпен, зор қуанышпен қарсы алдық. Қонақтарымыз мектеп өмірімен танысып, бірлескен шараларға белсенді қатысып, жылы әсерге бөленді. Екі ұжым арасындағы достық қарым-қатынас нығайып, әріптестік байланыс жаңа деңгейге көтерілді. 

Қадірлі қонақтарымызға киелі Қостанай өңірінің тарихи-мәдени орындары таныстырылып, арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды. Табиғаты мен тағылымы тоғысқан өңіріміздің ерекшелігі қонақтарымызға ерекше әсер сыйлап, олар өз ризашылықтарын білдірді.

«Достық көпірі» жобасы аясында ұйымдастырылған тимбилдинг шарасы қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, достық пен ынтымақтастықты нығайтқан мазмұнды кездесу болды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі командалық ойындарға қатысып, өзара қарым-қатынас пен бірліктің маңызын терең сезінді. Қызықты ойындар арқылы қатысушылар ұйымшылдыққа, бір-бірін қолдауға және ортақ мақсатқа бірге жетуге дағдыланды.

Сонымен қатар, арт-терапиялық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Табиғат аясында сурет салып, әсем табиғатпен үндесе отырып, өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізді. Мұндай әсерлі сәттер балалардың рухани жақындасуына ықпал етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тимбилдинг барысында қалыптасқан жылы атмосфера мен шынайы қарым-қатынас қос мектеп оқушыларының арасындағы достық байланыстарды одан әрі бекемдей түсті. Бұл кездесу өзара сыйластық пен сенімге негізделген жарқын естелікке айналды.  Осындай тағылымды кездесулер достықтың алтын көпірін бекемдеп, өскелең ұрпақтың ынтымақ пен бірлік құндылықтарын терең түсінуіне үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.