06 ақпан күні ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау орталығының жұмысын тиімді жүзеге асыру мақсатында 4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата - аналар мен балалардың "Эмоциялар және оларды білдіру жолдары" атты бірлескен кездесуі дөңгелек үстел форматында өтті. Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұсынылған тренингтерге қызығушылықпен қатысты. «Эмоцияны қайтала» жаттығуы ата - аналар мен балаларды еркін атмосфераға енгізіп, эмоцияларды ажыратуға көмектесті. "Бір кеш - бір шындық" атты диалог алаңында практикалық тапсырмалар ұсынылды. «Мен қандаймын» жаттығуында ата - аналар формалды тыңдау арқылы өздеріне сипаттама беру кезінде ашық эмоционалдық диалог орнатуға ықпал етті, айтылмай жүрген сезімдердің ашылуына мүмкіндік берді. Кері байланыс беру кезінде сынып жетекшілер тарапынан ата - аналарға өз балаларына қолдау көрсету мен ашық сөйлесудің маңыздылығы туралы айтылды. Балалар ата - аналарымен еркін сөйлесуге мүмкіндік алғанын, өз сезімдерін білдіру оңай болғанын айтты. Кездесу нәтижесінде ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынастың одан сайын жақсара түсеріне сеніміміз кәміл.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

