Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Бастауыш білім беру – баланың ересектер әлеміне, саналы өмірге жасаған алғашқы қадамы. Баланың болашақтағы жетістігі мен тұлғалық дамуы осы кезеңдегі бейімделу үдерісіне тікелей байланысты.

Ата-аналар баланың мектепке бейімделу кезеңі бірнеше айға созылуы мүмкін екеніне дайын болуы қажет. Бұл уақытта балаға ең алдымен ата-анасының қолдауы, түсіністігі мен сабырлығы аса маңызды. Сондықтан әрбір ата-ана баласына барынша қолдау көрсетуге талпынуы тиіс.

Ата-аналарға ұсыныстар:

  1. Баланы жайлап оятыңыз. Оянған сәтте ол сіздің күлімсіреген жүзіңізді көріп, жылы сөзіңізді естісін. Таң атпай асықтырып, ұсақ-түйекке бола ұрыспаңыз.

  2. Баланы мектепке міндетті түрде таңғы ас ішкізіп жіберіңіз. Сабаққа дейін оған көп күш жұмсауға тура келеді.

  3. Қоштасарда ақыл айтумен шектелмей, балаға сәттілік тілеңіз.

  4. «Бүгін қандай баға алдың?» деген сұрақты жиі қоймаңыз. Мектептен кейін баланы байыппен қарсы алып, демалуына мүмкіндік беріңіз.

  5. Егер бала ренжулі болып, үндемей жүрсе, сұрақпен қыспаққа алмаңыз. Уақыты келгенде өзі айтады.

  6. Мұғалімнен ескерту ести сала баланы кінәлауға асықпаңыз. Алдымен мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлескен жөн.

  7. Мектептен келген бойда сабаққа отырғызбаңыз. Балаға 2–3 сағат демалу қажет (1-сынып оқушысына 1–1,5 сағат күндізгі ұйқы пайдалы).

  8. Барлық сабақты бірден орындатпаңыз. Әр 15–20 минут сайын 10–15 минуттық үзіліс жасаңыз.

  9. Сабақ орындау кезінде баланың үстінен бақылап тұрмаңыз. Өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз, қажет кезде сабырмен көмектесіп, қолдау көрсетіңіз.

  10. Баланың бас ауруы, тез шаршауы, көңіл күйінің төмендеуі сияқты шағымдарына мән беріңіз. Бұл – қажудың немесе мектептегі қиындықтардың белгісі болуы мүмкін.

Ата-аналарға қосымша кеңес:

  • Балаңызды жетістігі үшін ғана емес, қандай болса да жақсы көретініңізді сездіріңіз.

  • Баланы басқа балалармен салыстырмаңыз.

  • Күн сайын балаңызбен бірге болуға, сөйлесуге уақыт табыңыз.

  • Жетістіктері үшін міндетті түрде мақтаңыз, қолдауыңызды білдіріңіз.

  • Бала бойында өзіне деген сенімділік қалыптастырыңыз:

    «Мен ақылдымын», «Мен батылмын», «Менің қолымнан бәрі келеді» деген сенімдерді орнықтырыңыз.

  • Балаға ата-ана ғана емес, дос болуға тырысыңыз.

  • Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз оның жетістікке жетуіне жол ашады.

  • Баланы жиі құшақтап, жылы сөз айтуға ұмытпаңыз.