Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллинг пен кибербуллингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында жасөспірімдердің психикалық саулығын нығайту жолдары, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудың маңызы, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу тәсілдері, сондай-ақ қауіпсіз мектеп және отбасы ортасын құру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің эмоционалдық дамуы, отбасындағы қарым-қатынастары мен әлеуметтік ортадағы өзара байланыстары олардың мінез-құлқына тікелей ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесудің басты мақсаты – ата-аналармен бірлесе отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

Іс-шара барысында мектеп психологтары тақырыптық баяндамалар жасап, бейнебаяндар негізінде ойталқы ұйымдастырды, сондай-ақ тренингтік жаттығулар өткізді.

Іnstagram парақшасына сілтеме:

https://www.instagram.com/reel/DRCxjIPjyod/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==