Волия Жарқынбек жетекшілік ететін біздің командамыз тоғызқұмалақтан командалық ашық турнирде жүлделі І орынды иеленді!
Бұл жеңіс - ұйымшылдықтың, жоғары дайындықтың және ұлттық зияткерлік ойынға деген ерекше қызығушылықтың нәтижесі. Команданың табандылығы мен жеңіске деген жігері үздік нәтиже көрсетуге жол ашты.
Тоғызқұмалақ - халқымыздың терең ой мен парасатқа негізделген ұлттық ойыны. Осындай дүбірлі додада топ жарып, жеңіс тұғырынан көріну - үлкен мақтаныш!
Жетекшіміз Волия Жарқынбекке шәкірттерді шыңдап, биік белестерге жетелегені үшін алғыс білдіреміз!
Командамызға алдағы жарыстарда да толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
Жеңіс құтты болсын!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

