5–7 сынып оқушылары арасында «Жасанды интеллекттің білім алудағы пайдасы мен қаупі» тақырыбында қызықты дебат сайысы өтті.
Оқушылар жасанды интеллекттің оқу процесіндегі мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптері туралы өз көзқарастарын еркін білдіріп, нақты дәлелдер келтірді. Пікірталас барысында олар сыни ойлау, сөйлеу мәдениеті, қарсы дәлелге жауап беру сияқты маңызды дағдыларын көрсетті. Әр команда өз ұстанымын дәлелдермен қорғап, ойларын әрі нақты, әрі сенімді жеткізе білді.


