«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында мектебімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза сенбілік» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп мұғалімдері белсенді қатысып, мектеп ауласын тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында ауладағы қоқыстар жиналып, мектеп ауласы ретке келтірілді. Мұндай игі шаралар ұжымдық жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп ұжымы алдағы уақытта да экологиялық бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.


