Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Қарттар күні мерекесіне орай мектебіміздің акт залында тағылымы мол, жүрекке жылу сыйлаған концерттік кеш өтті. Бұл мерекелік шараға барлық сыныптардың ата-әжелері арнайы шақырылып, немерелерінің өнерін тамашалауға жиналды. Зал іші шаттыққа, мейірім мен сағынышқа толы болды.

Кеш барысында оқушылар ән шырқап, би билеп, көркем сөз оқып, ата-әжелеріне деген шексіз құрметі мен ыстық ықыласын өнер арқылы жеткізді. Әрбір номер үлкендерге деген алғыстың, ізеттіліктің белгісіндей әсер қалдырды. Немерелерінің сахнадағы өнеріне риза болған ата-әжелердің жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі айқын көрінді.

Мерекелік кешке келген қонақтарды кіреберісте арнайы дайындалған фуршет қарсы алды. Дастарханға қойылған ыстық бауырсақ пен дәмді тағамдар ата-бабадан қалған қонақжайлық дәстүріміздің жарқын көрінісіндей болды. Бұл шағын, бірақ мәні терең сый-құрмет қарттарға деген ізгі ниеттің белгісі болды.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші, қарттарымыз – ақылдың кені, тәрбие мен тағылымның қайнар көзі. Олар – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғап тұрған алтын көпір. Осындай ардақты жандарды құрметтеу – әрбір ұрпақтың асыл міндеті.