Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

23 сәуір  - Ұлттық кітап күні. Биыл бұл атаулы мереке елімізде алғаш рет аталып өтілуде. Енді жыл сайын бұл мерекеге арнап кітап көрмесі, ақын-жазушылармен келелі кештер, оқырмандармен жүздесу ұйымдастырылатын болады. Оқушылар кітапханада қойылған кітап көрмелерімен танысты. Оқушылар «Таза бұлақ» Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалар жинағынан үзінділерді жатқа оқыды. 
Мектеп кітапханасының жұмыс жоспарына сай  ұлттық кітап күнін ұйымдастыру аясында «Артық білім кітапта», «Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап», «Біз таңдаған кітаптар» атты ктіап көрмелері ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Кітапханада оқушылар үзіліс сайын уақытты тиімді пайдалану мақсатында келіп кітап оқиды. Бұл оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырудың ең тиімді жолы.