Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде тағылымы мол, тарихи мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы мерекеге арнайы тақырыптық ақпараттық тақта дайындалып, онда еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды кезеңдері, тарихи даталар, ел рәміздері мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері көрініс тапты.

Қоңырау уақытында оқушыларға Тәуелсіздік құрбандары, соның ішінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ержүрек жастар – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев және басқа да қаһармандар туралы кең көлемде мәліметтер берілді. Олардың ел болашағы үшін көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен отансүйгіштігі оқушыларға үлгі ретінде насихатталды.

Сонымен қатар қоңырау уақытында Додекаэдр арқылы сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылар Қазақстан тарихы, Тәуелсіздік күні, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтар туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Бұл интерактивті ойын балалардың қызығушылығын арттырып, тарихи білімдерін тереңдетуге ықпал етті.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, еліміздің тәуелсіздігі оңай жолмен келмегенін ұғындыру және тарихты құрметтеуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аманаты, ал оны сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.