Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Ұстаздар күні қарсаңында мектебімізде ерекше көңіл күйге толы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Таңертең мектеп оқушылары ұстаздарды зор құрметпен, «Ұстаздарға алғыс» атты жылы лебіздермен қарсы алып, қолдан жасалған әсем гүл шоқтарын табыстап, қуаныш сыйлады.

Бұл күні дәстүрге айналған Дублерлер күні өткізілді. Мектеп ұстаздарының орнын 12-сынып оқушылары басып, өздерін нағыз ұстаз ретінде сынап көрді. Жоғары сынып оқушылары жауапкершілікпен дайындалып, 12-сыныпқа түрлі пәндерден қызықты сабақтар өткізді.

Дене шынықтыру сабағы көңілді жарыс түрінде, музыка сабағы ән-өлең сайысы форматында өтті. Сонымен қатар сурет сабағында оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, әсем жұмыстар орындады.

Мереке соңы әсерлі концерттік кешпен жалғасты. Ән мен биге, жылы лебіздерге толы кеш өте көңілді әрі әсерлі өтті. Бұл күн ұстаздарға деген құрмет пен шәкірттердің алғысын білдіретін жарқын естелікке айналды.