Денсаулық күніне орай мектебімізде кіші және үлкен спорт залдарында қызықты да тартымды спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шараға барлық сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Жарыстар жоғары деңгейде, әсем әрі көңілді форматта өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру. Өйткені спорт – денсаулық кепілі, ал дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың негізі.

