15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы Теңге күніне орай мектебімізде балаларға арналған танымдық әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні оқушыларға қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында әртүрлі ойындар ойнатылып, теңгенің тарихы мен маңызы туралы мағлұматтар берілді.
Балалар барлық қолданылған ақша түрлерін (тиындар мен қағаз ақшаларды) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының картасын құрастырды.
Үзіліс уақытында логикалық, зейін дамытуға арналған және қаржылық тақырыптағы түрлі ойындар өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, ойын арқылы білімдерін толықтырды.


