2026 жылғы 7 сәуір күні Республикалық мемлекеттік мекемесінің 6697 әскери бөлімі базасында ұйымдастырылған танымдық іс-шараға мектеп білім алушылары қатысты.
Іс-шара барысында білім алушылар әскери бөлімнің қызметімен танысып, сарбаздардың бір күндік өмірін бақылау мүмкіндігіне ие болды. Білім алушылар әскери тәртіп, күн тәртібі, жауынгерлік дайындық және әскери қызметтің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет алды.
Сонымен қатар, білім алушыларға сарбаздардың тұрмыс жағдайы мен тамақтану жүйесі туралы түсіндірме берілді.
Аталған іс-шара білім алушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, жауапкершілікке баулуға және білім алушылардың болашақ мамандық таңдауға бағыт алуына зор ықпал етті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

