Қалалық білім бөлімінің бекіткен кестесіне сәйкес бүгін «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Туйганов Мырзабек Сардарбекович 9-10 сынып оқушыларына лекция өткізді. Лекция барысында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, судағы, жолдағы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан тиісті жауаптар алды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

