Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде 3–4 сынып оқушыларына арналған «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында әңгіме-кеңес өткізілді.

Кездесуге Қостанай қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Я.В. Аксенкина мен Қостанай қаласы Полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны А.

Жангельды қатысып, оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы түсіндірді.

Әңгіме барысында балаларға өзгені кемсітуге, қорлауға, мазақ етуге және әлеуметтік желілерде жағымсыз хабарламалар таратуға болмайтыны айтылды. Сондай-ақ оқушыларға осындай жағдайға тап болғанда үндемей қалмай, ата-анасына, сынып жетекшісіне, мектеп психологіне немесе полиция қызметкеріне хабарлау қажеттігі ескертілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қауіпсіз мінез-құлық пен интернетті дұрыс пайдалану жөнінде пайдалы кеңестер алды.

Қауіпсіз әрі мейірімді орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!