Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Мектебімізде оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті.
Қостанай қалалық патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Токтаров Жоламан Серікұлы 3–4-сынып оқушыларына «Жолда жүру ережелерін білейік!» тақырыбында әңгіме-кеңес өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға:

жаяу жүргіншілерге арналған жол ережелері;
бағдаршам белгілерінің маңызы;
жолды қауіпсіз жерден кесіп өту тәртібі;
велосипед және самокатпен жүру кезіндегі қауіпсіздік талаптары;
тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану қажеттілігі түсіндірілді.

Оқушылар жол қозғалысына қатысты сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады. Әңгіме барысында әрбір жол қозғалысына қатысушының мұқият, тәртіпті әрі жауапты болуы керектігі ерекше атап өтілді.
Осындай танымдық кездесулер балалардың жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастырып, өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Полиция капитаны Жоламан Серікұлына пайдалы ақпарат пен тағылымды кеңесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Жол ережесін білу – қауіпсіз өмірдің кепілі!
#Заң_мен_тәртіп