Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«Махамбет оқулары» облыстық байқауының қалалық кезеңінде жүлделі І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алған Тұяқ Ержанды шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлттық өнерді ұлықтап, домбыраның қоңыр үнімен тыңдарманын баураған Ержанның жетістігі — таланты мен табанды еңбегінің жемісі. Өнерлі шәкіртіміздің жеңісі — мектебіміз үшін үлкен мақтаныш!

Жетекшісі — мектебіміздің домбыра үйірмесінің жетекшісі Жолдыбай Айбол Жолдыбайұлы. Шәкіртінің қабілетін шыңдап, өнерге қанат қақтырған ұстазымызға алғыс білдіреміз!

Ержан, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! Өнерің өрге жүзіп, шабытың шалқи берсін! Алдағы байқауда да мектебіміздің мерейін үстем етіп, жеңіспен оралуыңа тілектеспіз!

Талабыңа нұр жаусын, жас өнерпаз!