Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Қостанай қаласындағы Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие жұмысы бағыты бойынша тамыз кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ән-күй мұғалімдері және қосымша білім беру педагогтері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, тәрбие жұмысының тиімді бағыттарын айқындау және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың «Оқушылардың құқықтық мәдениеті мен заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру: тәрбие жұмысының үздік тәжірибелері» тақырыбындағы секция отырысында мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Койтбаева Зоя Абдигаппаровна «Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

Осындай мазмұнды кездесулер – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, тәрбие жұмысының сапасын жетілдіруге және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал етеді.