«Заң және тәртіп» («Закон и порядок») идеологемасы аясында іс - шаралар өтуде. Іс - шаралардың тақырыбы мынадай бағыттарды қамтиды: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; буллинг пен кибербуллингке қарсы іс - қимыл; есірткі құралдары мен психоактивті заттарды қолданудың, ойынға тәуелділіктің (лудоманияның), діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және т.б. Өткізу форматтары: құқықтық тақырыптағы сынып сағаттары, әңгімелер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, пікірталас турнирлері, флешмобтар, челлендждер және басқа да интерактивті іс - шаралар. Бүгін «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік», «Есірткі құралдары мен психоактивті заттарды қолданудың, ойынға тәуелділіктің (лудоманияның) алдын алу» тақырыптарында мүдделі мемлекеттік органдарды (полиция, прокуратура, денсаулық сақтау органдары, ҮЕҰ және т.б.) тарта отырып, іс - шаралар өткізілді. Бұл іс - шараларға Қостанай қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс - қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Е.Тумурзин, Қостанай қалалық басқармасының солтүстік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Ж.К. Аргимбаев қатысып, аталмыш тақырыптарда лекциялар оқыды.
#Заң_мен_тәртіп


