Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

«Есірткі заттарын қолданудың алдын алу» тақырыбы бойынша онлайн лекция ұйымдастырылып, оған 9–11 сынып оқушылары қатысты. "Саламатты мектеп": "Денсаулықты нығайтатын мектеп" жобасы аясында өткен лекция барысында "JastarMED" жастар орталығының маманы Садвакасова Асем Кунушпаевна және арнайы нарколог-дәрігер жасөспірімдерге есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, оның психологиялық және физикалық тәуелділікке әкелетін қауіптері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, есірткі қолданудың алдын алу шаралары, оның қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін кері әсерлері туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға деген жауапкершілігін арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу болып табылады. #Саламатты_мектеп #Денсаулықты_нығайтатын_мектептер #Jastar_MED