Қазіргі таңда цифрлық технологиялар білім беру үдерісінің маңызды бөлігіне айналды. Интернет ресурстары, онлайн платформалар және әлеуметтік желілер білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, ақпарат алмасуды жеңілдетуде. Сонымен қатар, цифрлық кеңістікте қауіпсіздікті сақтау - әрбір білім алушы үшін аса маңызды. Жеке деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау және интернеттегі мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру - заман талабы. Білім алушыларға ұсынылатын негізгі қауіпсіздік қағидалары:
- Бейтаныс сілтемелерге өтпеу;
- Жеке ақпаратты жарияламау;
- Күмәнді хабарламаларға жауап бермеу;
- Сенімді және тексерілген ақпарат көздерін пайдалану,
- Интернеттегі мәдениетті қарым-қатынасты сақтау.
Цифрлық сауаттылықты арттыру - қауіпсіз, саналы және жауапты тұлға қалыптастырудың негізі. Мектебіміз білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және цифрлық мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөледі.


