2025 жылғы 19 желтоқсанда 8–11 сынып оқушыларына арналған маңызды профилактикалық лекция ұйымдастырылды. Лекцияны Қостанай қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Е. Тумурзин өткізді.
Тақырыбы: «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік».
Іс-шараға 100 оқушы қатысты.
Лекция барысында оқушыларға жалған хабарламалардың қоғамға тигізер зияны, заң алдындағы жауапкершілік және қауіпсіздік талаптарын сақтау маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған.


