Мектебімізде аналар қауымының белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ата - ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Директор кубогы» атты волейбол жарысы жоғары деңгейде өтті.
Жарысқа 5 - 10 сыныптардың аналарынан құралған командалар қатысып, өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Қатысқан командалар:
- 5 - сынып аналарынан құралған «АНА ЖҮРЕГІ» командасы (команда капитаны - Искакова Динара);
- 6 - сынып аналарынан құралған «БОЛАШАҚ» командасы (команда капитаны - Мұхамбетова Бибинур);
- 7 - сынып аналарынан құралған «АЛТЫН ТҰҒЫР» командасы (команда капитаны - Тілеубергенова Айгерим);
- 8 - сынып аналарынан құралған «БІРЛІК» командасы (команда капитаны - Барбосинова Бану);
- 9 - сынып аналарынан құралған «ЖАЛЫН» командасы (команда капитаны - Усербаева Шынар);
- 10 - сынып аналарынан құралған «СӘТТІЛІК» командасы (команда капитаны - Шілдебай Меңсұлу).
Жарыс барысында аналар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, ұйымшылдық пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын - 5 - сынып аналарының «Ана жүрегі» командасы;
II орын - 7 - сынып аналарының «Алтын тұғыр» командасы;
III орын - 10 - сынып аналарының «Сәттілік» командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, "Үздік ойыншылар" арнайы дипломдармен және «Директор кубогымен» марапатталды.
Бұл жарыс - аналардың мектеп өміріне белсене араласуының, ынтымақтастық пен бірліктің жарқын көрінісі болды. Қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!
#Саламатты_мектеп #Аналар_мектебі #Салауатты_өмір_салты


