Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2026 жылғы 6 қаңтарда «Білім - инновация» лицейлері базасында Келешек мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарларына арналған «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыбында семинар өткізді. Аталған бір күндік семинарға мектеп директоры Баяхметова Орынкул Балгабаевна мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Койтбаева Зоя Абдигаппаровна қатысты. Тәжірибелік семинар мектептің тәрбие ортасын жаңа деңгейге көтеруге арналған.

Семинардың мақсаты - Келешек мектептерінде тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған заманауи тәсілдер мен практикалық шешімдерді ұсыну, білім беру ұйымдарында тәрбие экожүйесін қалыптастыру және дамыту, сондай - ақ мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының басқарушылық және кәсіби құзыреттерін арттыру. "Білім - инновация" лицейінің басшысы Дархан Зейноллаұлының дәрісі өте пайдалы болды. Құндылыққа негізделген білім берудің рөлі, маңызы туралы ойталқы, қлттық тәрбие моделі, шетел тәжірибесімен тиімді байланыстыру семинардың басты құралы болды. Семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды. Келешек мектептері облыстық әдістемелік орталық мамандарына алдағы уақытта әлеуметтік серіктестік құра отыра, құндылыққа бағытталған жоба алаңын құруға ұсыныс білдірді.