Рудный қаласында Қостанай облысы мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына арналған «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» халықаралық олимпиадасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті. Аталған білім додасына информатика пәні мұғалімі Айгерим Балдиковнаның жетекшілігімен мектебіміздің дарынды оқушылары 9Б сынып Аканов Али, 8В сынып Қасымхан Алмас, 8Ә сынып Ергембаев Нұрғиса қатысып, 200 оқушыдан құралған 68 команда арасында өз білімдері мен зияткерлік қабілеттерін лайықты деңгейде көрсете білді. Олимпиада аясында өткен мұғалімдер арасындағы сайыс қорытындысы бойынша Айгерим Балдиковна жүлделі ІІІ орынға ие болып, кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Бұл - мектебіміз үшін зор мақтаныш! Ал оқушыларымыздың жеңісті жетістіктері әлі алда екеніне нық сенім білдіреміз. Жас дарындарға алдағы білім бәйгелерінде толағай табыстар тілейміз!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

