2025 жылдың 08 қазанында мектебімізде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен республикалық «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, «Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие» жобасы және Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыру аясында облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің жастармен көшпелі кездесулері, шеберлік сағаттары мен кеңестері өткізіліп, аталмыш шараға мектебіміздің 8 - 11 сынып оқушылары (ер балалар) қатысты. Іс - шара барысында қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, қамшы өру мен былғары бұйымдарын жасау бойынша ұлттық қолөнердің қыр - сырымен танысты. Музыкалық шеберлік сабағында ұлттық аспаптар мен дәстүрлі әуендердің ерекшеліктерін үйреніп, «Төрт түліктің 12 жілік атауы» тақырыбындағы танымдық сабақта халқымыздың тұрмыс - тіршілігі мен дәстүрі жөнінде құнды мәліметтер алды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

