Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

8 наурыз - көктемнің ең шуақты, ең мейірімді мерекелерінің бірі. Осы ерекше күнге орай ұйымдастырылған "Шуағын шашқан асыл жандар" атты мерекелік кешіміз жоғары деңгейде өтті.

Кеш барысында аяулы аналарымызға, ардақты апайларымызға және нәзік жанды аруларымызға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылды. Әсем әндер шырқалып, көңілді би мен әсерлі көріністер кештің сәнін келтірді.

Бұл мереке - әйел жанының сұлулығын, мейірімін, даналығын дәріптейтін ерекше күн. Барша нәзік жандыларға зор денсаулық, шексіз бақыт, отбасы амандығы мен көктемдей құлпырған көңіл күй тілейміз! Мереке құтты болсын!