Жүгіру жолы
Кіру
AA+
top.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жүгіру жолы

Би - ұлттың рухани болмысын, мәдени мұрасын айшықтайтын өнер. Қимыл мен ырғақ арқылы халқымыздың тарихы, салт - дәстүрі, әсемдігі мен мінезі көрініс табады. Осы бағытта жұмыс жасап келе жатқан «Шұғыла» би үйірмесінде оқушылар ұлттық және заманауи билерді меңгеріп, сахналық мәдениетін, эстетикалық талғамын және шығармашылық қабілетін дамытады. Би үйірмесін үйірме жетекшісі Сапарбекова Лунара Ерланқызы жүргізеді.

Бүгінгі түсірілген бейнежазбада үйірме тәрбиеленушілерінің бірлігі, еңбекқорлығы, биге деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген талпынысы айқын көрінеді. Әрбір қозғалыс - ізденістің, еңбектің және шабыттың нәтижесі.

«Шұғыла» би үйірмесінің басты мақсаты - жас ұрпақты өнер арқылы тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сахна мәдениетін қалыптастыру және өзіне деген сенімділігін арттыру.

#Шұғыла

#би_үйірмесі

#өнерлі_ұрпақ

#ұлттық_би

#біртұтас_тәрбие

#үйірме_жұмысы

#шабыт

#шығармашылық