Мектебіміздің "Шұғыла" би ұжымы "Импульс" көпжанрлы республикалық өнер байқауында жүлделі ІІ орынды иеленіп, зор жетістікке қол жеткізді! Бұл - ұжым мүшелерінің талмай еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, сахна мәдениеті мен кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі.
Байқау барысында "Шұғыла" би тобы өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Әр қимылдың нақтылығы, би композициясының үйлесімділігі, сахналық образдың айқындылығы ұжымның тыңғылықты дайындалғанын дәлелдеді. Нәтижесінде республикалық деңгейдегі додада жүлделі ІІ орынға ие болып, мектебіміздің мерейін үстем етті.
Бұл жетістік - ең алдымен, ұжым жетекшісі Ерланқызы Лунараның кәсіби біліктілігі мен шығармашылық шеберлігінің жемісі. Жетекшінің әрбір бишіге деген жанашырлығы, табандылығы мен талапшылдығы оқушылардың би өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, биік белестерді бағындыруға жетелеп келеді.
"Шұғыла" би ұжымының алдағы уақытта да талай додаларда топ жарып, жаңа белестерді бағындыра беретініне сеніміміз мол. Өнерлі өрендерімізге шабыт, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Керемет жетістік! Құттықтаймыз!

