Мектеп Парламенті мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Саламатты мектеп» жобасы аясында мектепішілік үстел теннисінен жарыс жоғары деңгейде өтті.
8–11 сынып оқушылары арасындағы ұлдар сайысы ерекше тартысты өтіп, әр ойын шынайы спорттық рух пен жігерге толы болды.
Жарыс жеңімпаздары:
1-орын — Таласов Рамазан
2-орын — Төлегенов Мансур
3-орын — Бақытбек Дінасыл
Жарыстың жұлдызды ойыншысы — Жүсіпов Аңсар
Барлық қатысушыларға белсенділік пен спортқа деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз! Осындай жарыстар оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануына және достық қарым-қатынастың нығаюына үлкен үлес қосады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Қостанай қаласы білім бөлімінің № 31
жалпы білім беретін мектебі" КММ

